Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМаңғыстау облысында мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 4 жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, толықтай пайдалануға дайын тұр. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 желтоқсанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының 33 шағын ауданында бой көтерген мектептің бүгінгі жағдайымен танысты. 1200 орындық білім беру нысаны заманауи талаптарға сай жабдықталған және оқушыларға сапалы білім алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Білім ордасы үшінші оқу тоқсанында балаларды қабылдауға толық дайын.
Бұдан бөлек Ұлттық жоба аясында жаңа мектептер Ақтау қаласының 19, 17 шағынаудандарында, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы «Хазар» шағынауданында орналасқан. Аталған мектептердің жұмысы 2025 жылдың қаңтар айында, яғни оқу жылының үшінші тоқсанынан басталады. Қазіргі уақытта оқу процесін ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаңа мектептердің құрылысы мен жабдықталу сапасына оң бағасын беріп, білім беру деңгейін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар