29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстауда 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам мәдени іс-шара өтеді. Бұл туралы облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Әсем Әшірова қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, қала, аудандардағы кітапханаларда 10-14 желтоқсан аралығында «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» тарихи сабағы, «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз», «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыптық көрмесі, «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым», «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» өлеңдер сайысы ұйымдастырылады.
Тәуелсіздік күні – ұлттық мереке. Мерекеге орай, 12 желтоқсан күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында «Мен Қазақстанның болашағымын» ашық есік күні, 14 желтоқсан Маңғыстау облыстық қуыршақ театрында «Айдахар» атты балаларға арналған жаңа қойылымның тұсаукесері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмек. Сондай-ақ 15 желтоқсан Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында «Әлиханның аманаты» қойылымы, 15 желтоқсан Ақтау қалалық Абай мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен Өмірзақ ауылында орналасқан әскери бөлімде «Тәуелсіздік – тәңір сыйы» мерекелік концерті өтеді, - деді Әсем Әшірова.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек