23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданына орнатылған «Сергек» зияткерлік бейнебақылау жүйесі бүгіннен бастап іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау жолдарындағы қауіпсіздікті 638 камера, ал Мұнайлы ауданындағы жол қозғалысын 500 камера бақылайды. Бейнебақылау жүйесіндегі жазбалар 30 күн бойы сақталады.
Маңғыстау облысында 5 ай ішінде 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 32 адам қаза тапқан, 185 адам әртүрлі дене жарақатын алды. 5 ай ішінде 80 жол-көлік оқиғасы тек жаяу жүргіншілерде болған. Сол себептен аталған «Сергек» жүйесі Қазақстанның басқа өңірлерінде бар және аталған жүйе сол қалаларда оң әсерін берген. Біздің көлік жүргізушілерінің де жолдағы мәдениетін арттырады деген ойдамын, – деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сүйін Құрмантаев.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік