Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі автокөлік тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәлемтінше, Маңғыстау облысында 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.
Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан. Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты, - делінген мәліметте.
Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алғаны анықталды.
Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп қосты агенттік.
Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді