Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Маңғыстауда полиция қызметкерлеріне 16 қызметтік көліктің кілті табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол картасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментіне 16 қызметтік автокөлік берілді. 23 қараша күні Полиция департаментінің алаңында департамент бастығы Аян Дуйсембаев қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады.
Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.
Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларына алты Нива автокөлігі және патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне 10 Chevrolet Cobalt көлігі берілді. Жаңа автокөліктер азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтауға, қылмыстарды ашуға, құқық бұзушыларды ұстау және облыс орталығы мен аудандарда көшелерді патрульдеу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға септігін тигізеді.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді