6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтауға жақын орналасқан 4 лагерьде 60-тан астам өрт қауіпсіздігі талабы бұзылғаны анықталды. Бұл туралы Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Қабылет Ещанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Otpannews.kz сайтының жазуынша, Ақтаудан 33 шақырым жердегі 400 балаға арналған «Фламинго» демалыс орталығында 38 бұзушылық тіркелген. Тексеру кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мекеме басшысына анықтама ұсынылды. Ақауларды жою мерзімі белгіленіп, міндетті нұсқама берілді.
«Еркемай» лагерінде де ереже бұзушылықтар аз емес – 22 талаптың орындалмағаны анықталды. Бұл мекемеге де екіжақты акт жасалып, кемшілікті жою жөнінде нақты тапсырма берілді.
Қабылет Ещановтың айтуынша, тексеруді облыстық білім басқармасының тапсырмасымен арнайы комиссия жүргізді. Оның сөзінше, бұл бағыттағы бақылау және профилактикалық шаралар жазғы маусым соңына дейін жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі