Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Маңғыстау облысындағы "МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Серіктестіктің баспасөз қызметі энергоблоктың 05.51-де толық түрде жұмыс істегенін мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілген. 4 шілдеде кешкілік аталған нысандар апаттан кейін жөндеу жұмыстары басталғаны белгілі болған еді. Сондай-ақ, энергоблок қазандығын суыту үшін біраз уақыт қажет болды.
Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға орын алған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтауға жұмылдырылған болатын. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келмегенін атады.
Нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.
3 шілде күні түс ауа қазандыққа беріліп тұрған тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты "МАЭК" ЖШС ЖЭС-те №1 энергоблогінде мәжбүрлі тоқтап қалған еді. Аталған жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілген. Дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?