Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысында тұрғындар қоқыста жатқан елуге жуық иттің өлексесіне шағымданып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жария болған бейнежазбада үлкен шұңқырда ашық жатқан иттің өлекселері анық байқалады. Болжам бойынша аталған жайт Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының маңында болған. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Мархабаев қазіргі уақытта мәселенің қазір тексеріліп жатқанын жеткізді. Алайда іздеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан иттердің өлексесі табылмаған.
Оқиға туралы бейнежазба жарияланған соң басқарма мамандары іздеу жұмыстарын бастады. Облыстың Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының әкімдігімен сөйлестік. Елдімекен маңынан иттің өлекселері табылмады. Әкімдік мамандары ауылда арнайы жою орны барын атады. Бұдан бөлек, Маңғыстау ауданында болғаны туралы болжам айтылды. Алайда ауданда да бұл оқиға тіркелмеген. Қазір тиісті жұмыстар қолға алынып, жағдай бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Жұрттан түскен шағым ескерусіз қалмайды, - деді Бердібек Мархабаев.
Осыған дейін Ақтауда қаңғыбас иттерді аулап, кейін өлекселерді өртеу кезінде шыққан түтінге тұншыққан тұрғындар шағымданған еді.
Бұған қатысты Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы оқиғаның барлығы тиісті нормаларға сәйкес атқарылып жатқанын атаған болатын.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?