Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсМаңғыстау облысында екі станцияда жаңа теміржол вокзалдары салынатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.
Адайбек Қалиевтің айтуынша, өңірде «Маңғыстау» және «Бейнеу» теміржол вокзалын реконструкциялау жобасы жүзеге асырылмақ. Жоспарға сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары биыл басталады.
Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 2025-2026 жылдарға арналған кешенді даму бағдарламасына «Маңғыстау-Бейнеу» және «Маңғыстау-Өзен» теміржол учаскелерін дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар енгізілді. Бүгінде облыстағы теміржол желілерінің өткізу қабілеті төмен. Атап айтқанда, «Маңғыстау-Бейнеу» учаскесінде тәулігіне 12-14 пойыз ғана өтеді, ал қажеттілік 20-22 пойызды құрайды.
Кешенді жоспар аясында облыстың теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, былтыр жергілікті маңыздағы 2 авто жол қайта жаңғыртылып, 4 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай басқарма басшысы Адайбек Қалиевке құрылыс мерзімі ұзаққа созылған бірқатар жолды тезірек аяқтап, тұрғындардың игілігіне беруді тапсырды.
Атап айтқанда, аудандық маңыздағы «Шетпе-Қызан» автожолының 49-85 шақырым және 85-110 шақырым учаскесінің реконструкциясы, «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала мекені» автомобиль жолын реконструкциялау және Ақтау қаласындағы «Шығыс-2, 3» шағынаудандарындағы автомобиль жолын салу жобалары.
Адайбек Қалиев аталған жобаларды жыл соңына дейін аяқтауға жұмыстанатынын мәлімдеді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды