2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМаңғыстау ауданына қарасты Шебір ауылында Бекет атаның 275 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлер рухына тағзым» атты ауқымды мәдени-рухани іс-шара аясында өткен спорттық жарыстар қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақша күрестен 80 келі салмақта белдесу өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды Ақтөбе қаласынан Бекзат Шәкизаев, 2-орынды Шетпе ауылынан Қанат Әбілұлы, 3-орынды Ақтау қаласынан Рауан Салық пен Шетпе ауылынан Рысбек Әділбекұлы иеленді.
Аламан, тай бәйгелерінің де жеңімпазы анықталды. Аламан бәйгеде 1-орынды Жетібай ауылынан қатысқан «Бақкелді» тұлпары алды. Ал 2-орынды Боранқұл ауылынан Келдібай Ыбыройов атбегінің «Айкүрең» тұлпары иеленді. 3-орынды Сайын-Шапағат ауылынан Әлеке атбегінің «Ақмоншақ» атты тұлпары алды. 4-орын Шебір ауылынан келген Ұлан Орынғалиевтің «Таңшолпан» тұлпарына бұйырды.
Тай бәйгесінде 1-орынды Шебір ауылынан Ерназар Сейтовтың «Айжұлдыз» жылқысы алды. 2-орынға Жаңаөзен қаласынан Абзал атты азаматтың «Тарлан» тұлпары ие болды. 3-орынды Шебір ауылынан Ұлан Орынғалиевтің «Бақкүрең» жылқысы иеленді.
Ал қой көтеру сайысында шетпелік Дастан Дулатов жеңіске жетті.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова