Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМаңғыстаудағы балабақша мемлекеттік сатып алу порталында принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден алмақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде мемлекеттік сатып алуды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Мысалы, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда, жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны - 100 мың теңге. Департамент берген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге қаражат үнемделді,-деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.
Айта кетейік, меморгандар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алатын тауар немесе қызмет бағасына мониторинг мемлекеттік сатып алудың жоспарлау сатысында және нарықтық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар