6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМаңғыстау облысының прокуратурасы автомектептердің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тексеру нәтижесінде автомектептердің оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктерді жалған берудің 1 000-нан астам жайтын анықтады. Сонымен қатар жүргізушілерді механикалық көлік құралдарымен даярлау қағидаларын бұзудың 100-ден астам фактісі белгілі болды.
Атап айтқанда, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін медициналық қарап тексеруден өтпеу, жүргізушілерге қорытынды сабақтар өткізбеу, қорытынды аттестаттау мен емтихандарды қабылдамау, оқу жоспары мен жоспар-кестесін бекітпеу, көлік құралы қосымша ажыратуыш жетегі және тежеуіш педальдарымен жабдықталмау деректері. Сонымен қатар автомектептерде көлік құралдары мүлдем тіркелмегендігі, тиісінше практикалық сабақтарды өткізуге мүмкіншілік жоқ екендігі белгілі болды.
Облыстық прокуратура мәліметінше, тексеруден соң автомектеп басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 2 автомектептің қызметі тоқтатылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі