29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтаудағы облыстық перинатальдық орталығында Маңғыстау ауданының тұрғыны салмағы 5 келі 760 грамм, бойы – 61 см алып сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік акушерлік практикада бұл «алып ұрық» деп аталады. Нәресте отбасындағы екінші бала, бірінші сәбиін 2022 жылы 4 келі 320 грамм салмақпен босанған. Анасында гестациялық қант диабеті болған. Қазіргі таңда анасы мен баласының жағдайлары қанағаттанарлық, тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауында.
Алып бала босану ана мен бала денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін көпшілік біле бермейді. Дәрігерлер нәрестенің үлкен салмағы (макросомия) анасы үшін өте қауіпті екенін айтады. Өйткені, табиғи босану кезінде қынаптың, жыныс мүшелері етінің, жұмсақ ткандерінің жыртылуы орын алып, жатыр атониясынан босанғаннан кейінгі қан кету қауіпі тууы мүмкін.
Босану барысында қатерлі асқынудың бірі - жатырдың жыртылуы (разрыв матки) орын алуы мүмкін. Сол себепті, көбінесе әйелді кесар тілігі отасы арқылы босандыруға тура келеді. Үлкен салмақпен босану барысында нәресте иық сүйегінің зақымдануы (дистоция) және басқа да жарақаттар алуы мүмкін.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек