Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБалалар іш ауруы мен дене қызуына шағымданып, дәрігердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы ауданында тамақтан уланған балалар бақылауға алынды.
Мұнайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап жедел жәрдем шақырып бастаған. Шағымдары: іш ауруы, дене қызуының көтерілуі. Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханаға жатқызылды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мөлдір Әділ.
Жағдайдың неден болғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама берілген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары