7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Маңғыстау облысында «Маңғыстау түбегінің жартас мешіттері» ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша ИКОМОС техникалық бағалау миссиясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімдіктің мәліметінше, жиында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес өңірдегі бес жерасты мешіті – Бекет ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Шопан ата және Сұлтан үпі мешіттерін халықаралық тізімге енгізу жұмыстары талқыланды.
Аталған ескерткіштер 2021 жылы ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енген. Осы бағытта Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілігімен ғылыми-жобалық құжаттар әзірленіп, Париждегі штаб-пәтерге жолданды. Сонымен қатар қорғау аймақтары айқындалып, ақпараттық тақтайлар орнатылды, фото және бейнематериалдар дайындалды.
Миссия аясында өңірге халықаралық сарапшылар келді. Олардың қатарында Бурса Улудаг университетінің профессоры, ИКОМОС сарапшысы Kivilcim Corakbas Figen Balikesir, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Дмитрий Воякин, «Қазреставрация» ШЖҚ РМК бас директоры Олжас Шариязданов және аталған мекеменің сәулетшісі Лаззат Бейсембаева бар.
Облыс әкімі өз сөзінде Маңғыстаудағы тарихи-мәдени мұраның байлығын атап өтті.
Маңғыстау – тарихы терең өлке. Мұнда ежелгі қорымдар, сәулет өнерінің көрнекті туындылары саналатын тамдар мен сағаналар, жерасты мешіттері бар. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында осы ескерткіштерді қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде бес жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда қорғау аймақтары белгіленіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандардың бүкіләлемдік мұралар қатарына енуі халқымыздың тарихи құндылықтарын сақтап қана қоймай, еліміздің мәдени және экономикалық дамуына серпін береді, – деді облыс әкімі.
Кездесу соңында өңір басшысы миссия жұмыстарының аймақ үшін маңызы зор екенін атап өтіп, барлық шара халықаралық талаптарға сай жалғасатынын жеткізді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?