23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Маңғыстау облысында жыл басынан бері алимент бойынша атқарушылық құжаттарға талдау жүргізілді. Прокуратура талдауынан кейін уәкілетті органға ұсыну енгізіліп, нәтижесінде 33 млн теңге және 1 пәтер өндіріп алушының пайдасына берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұдан өзге алимент төлеуден жалтарған 26 адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабының 1-бөлігімен айыппұл және қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен қатар, 5 адамға қатысты Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен айыптау үкімі қабылданды.
Осы ретте облыс прокуратурасы борышкерлердің назарына кәмелетке толмағандардың күтіміне алимент төлемеген жағдайда Қылмыстық кодекстің 139-бабының 1-бөлігімен жауаптылық көзделгендігін және алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттар қала прокуратурасының басты назарында екенін ескертеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік