Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Маңғыстауда жол апатынан 10 адам көз жұмды. Оқиға 11 қыркүйек күні Қарақия ауданы Сенек елдімекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған. 8 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтады,-делінген облыстық ПД мәліметінде.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары