Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМаңғыстау облысының Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд теңге, ауданы 696,8 га құрайтын үш учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, талдау нәтижесімен Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды.
Облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы жануарларының саны жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20% аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған, - делінген мәліметте.
Осыған орай кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары