Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМаңғыстау облысында Түпқараған ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30 желтоқсанда өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданы мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген Ержан Күмісқалидің кандидатурасын аудан әкімі қызметіне ұсынды. Ол бұған дейін Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарған.
Ержан Қүмісқали 1983 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Жаңаөзенде мұғалім болып бастаған.
Депутаттар кандидатураны қолдады. Олар Ержан Күмісқалидің тәжірибелі басшы ретінде өзін жақсы жағынан көрсеткенін атап өтіп, оған сенім білдірді. Өңір басшысы бұған дейін Түпқараған ауданының әкімі болған Рахат Елтізаровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа әкімге сәттілік тіледі, – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін бұл қызметті Рахат Елтізаров атқарған. Айта кетейік, бұған дейін, 19 желтоқсанда, Қазақстандағы облыстар мен үш мегаполистің әкімдеріне 2024 жылы қандай ескертулер мен жаза берілгені туралы хабарланған болатын. Сол кезде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтізаровқа қатаң сөгіс жарияланғаны айтылған еді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары