Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыМәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Маңғыстау облысының жастары үшін кәсіпкерлік қабілетті және креативті стартаптарды дамыту бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бастама Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мақсатында БҰҰДБ-ның қоғамдастықтардың тұрақтылығын нығайту бойынша жобасының аясында іске асырылып жатыр.
Бағдарлама аясында Ақтау, Жаңаөзен және Бейнеу тұрғындарынан 150 адам оқытылады. Олардың ішінде креаторлар, өз қызметін шығармашылық бизнеспен байланыстыруды жоспарлап отырғандар да бар. Бір айлық бағдарлама бизнес-жоспарларды әзірлеу, идеяларды таныстыру, бизнесті жоспарлау, цифрлық маркетинг, қаржыны басқару, зияткерлік меншікті қорғау, сондай-ақ шығармашылық индустрияларға технологиялар мен инновацияларды енгізу сияқты тақырыптарды қамтиды.
Министрліктің мәліметінше, оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар қазылар алқасы мен инвесторларға өздерінің стартаптары мен қолданыстағы бизнес-бастамаларды дамыту бағдарламаларын ұсынады.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады