6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМаңғыстау облысының Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Қызыл кітапқа енген сирек өсімдік табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енген «Майда қатыран» өсімдігін кездестірді.
Майда қатыран – сирек кездесетін, таралуы шектеулі түр. Тұран провинциясының эндемигі, реликт түр. Бұл өсімдік тұқым арқылы көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусымда жеміс береді, - делінген мәліметте.
Бұл өсімдіктің тіркелуі ботаника ғылымы үшін маңызды жаңалық және Үстірт өңірінің қайталанбас экожүйесін сақтау қажеттілігін көрсетеді. Қорық мамандары өсімдіктің таралу аймағын зерттеуді әрі қарай жалғастырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі