Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМаңғыстау облысында алаяқтар екі тұрғынның шотынан 48 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет желісі арқылы жасалған екі ауыр санаттағы алаяқтық дерегі ашылды. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес тіркелген қылмыстық істер бойынша келесі жайттар анықталды.
Д. есімді азаматтың депозиттік шотынан 28 млн 430 мың теңге белгісіз тұлғаларға заңсыз аударылған. Астана қаласына қызметтік іс-сапар кезінде үш күдікті ұсталды: екеуі — Ақтау қаласының, біреуі — Қарағанды облысының тұрғыны.
Тергеу барысында олардың есеп шоттарына жәбірленушінің ақшасы түскені анықталды. Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. А. есімді азаматтың есеп шотынан 20 млн теңге белгісіз тұлғалармен иемденілген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Өскемен қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады