7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Маңғыстау өңірінде 2025 шілдесіне дейін 36 000 тоннаға жуық балық ауланады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірімізде кәсіпшілік балық аулаумен маусымдық негізде 600 балықшы, тұрақты түрде 75 балықшы айналысып келеді. Каспий теңізінің маңғыстаулық секторының жағалауы 33 кәсіпшілік балық аулау учаскесіне бөлінген.
Қазіргі уақытта 24 кәсіпшілік балық аулау учаскесі 16 пайдаланушыға бекітіліп берілді. Сондай-ақ, 2023 жылы шілде айынан 2024 жылдың шілдесіне дейін облысқа 11 152 тонна балық, 2024 жылы шілде айынан 2025 шілдесіне дейін 36 268 тонна лимиті бекітілген.
ЖАО құзыреті аясында Балық шаруашылығы басқармасы жанынан «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет» КММ-сі құрылып, штат бекітіліп, құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар жүргізуліп жатыр.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер негізінен балық азықтарын сатып алу және балық өсіру материалын сатып алу шығындарын өтеу үшін субсидия алды. Онымен қоса, қазіргі уақытта өңірде балықтарды өсіретін 3 кәсіпорын бар.
Олар:
- «Kazakh Оsseter» ғылыми өндірістік кәсіпорны» ЖШС мен «Caspian Riviera» ЖШС (бекіре тұқымдас балық түрлерін);
- «Nataly Company» ЖШС (жайын, тиляпии балығы.)
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?