Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБейнеу ауданында қоғамдық тамақтану орталығында ас ішкен 36 адам уланып, оның 28-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр. Уланғандар аудан орталығындағы «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанған. 22 ақпаннан бастап аталған қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.
Науқастарға облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етіліп, қосымша 20 адамға орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды. Қазір осыған байланысты эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр, - деп жазылған Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасыны баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Жаппай тамақтан улану дерегі бойынша Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс