29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстау облысында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
1 наурыз күні сағат 00:20 шамасында республикалық маңызы бар Форт – Шевченко – Ақтау тас жолының 89/43 шақырымында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасы, Маңғыстау облысы ПД табиғатты қорғау полициясы облыстық балық инспекциясы және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Ford mondeo автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру барысында, жүк салғыш бөлігінен салмағы 150,35 келіні құрайтын заңсыз ауланған 57 дана бекіре тұқымдас балық анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Полицейлермен 35 және 39 жастағы күдікті азаматтар ұсталды. Тәркіленген балық “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесіне жіберілді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек