Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау ауданының прокуратурасы аудандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексеріп, 100-ден астам өрескел заң бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ бір қылмыстық іс тіркеліп, үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында санитарлық норма, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, сондай-ақ білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар белгілі болды. Нәтижесінде 111 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 19 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ жекеменшік балабақшамен іс жүзінде балабақшаға бармаған балалар үшін мемлекеттік бюджеттен 6,6 млн теңге заңсыз алғаны анықталды.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру қорытындысымен сотқа жолданды. Нәтижесінде балабақша директорына үкім шығарылды: мектепке дейінгі оқыту мен бала тәрбиелеуді ұйымдастыру саласында қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу. Сот үкімі заңды күшіне енді,-делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?