Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыХалықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын өткізу орны өзгергенін хабарлады.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, бастапқыда жарысты Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағымен келісу нәтижесінде чемпионатты Алматыда өткізу туралы шешім қабылданды.
Байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында «Алматы Арена» кешенінде өтеді. Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды.
2025 жылы Михаил Шайдоров осы жарыста жеңімпаз атанса, 2015 жылы Денис Тен чемпион болды. Ал әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы қола жүлдеге ие болған.
Бұл чемпионаттың маңызы қандай?
Төрт құрлық чемпионаты – мәнерлеп сырғанаудан өтетін ең беделді халықаралық турнирлердің бірі. Оны жыл сайын Халықаралық конькишілер одағы ұйымдастырады. Турнир 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарысқа Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка және Океания елдерінің өкілдері қатысады. Байқағаныңыздай, турнирге еуропалық мәнерлеп сырғанаушылар қатыса алмайды.
Төрт құрлық чемпионаты – ISU-дың ресми чемпионаттарының бірі. Яғни бұл жай коммерциялық турнир немесе Гран-при кезеңі емес, чемпион атағы сарапқа салынатын жарыс. Оның мәртебесі Еуропа чемпионатымен бірдей деңгейде саналады. Турнир дәл осы мақсатта – еуропалық емес спортшыларға құрлықтық чемпионатта өнер көрсету мүмкіндігін беру үшін құрылған.
Мәнерлеп сырғанаудағы басты жарыстары:
1. Қысқы Олимпиада ойындары
2. Әлем чемпионаты
3. Төрт құрлық чемпионаты және Еуропа чемпионаты
4. Гран-при финалы
5. Жекелеген Гран-при кезеңдері
Кейінгі жылдары бұл турнирдің деңгейі өте жоғары. Әсіресе, әйелдер және ерлер арасындағы жарыстарда Жапония, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея сияқты мәнерлеп сырғанаудың алпауыт елдері қатысады. Сондықтан кейбір дисциплиналарда Төрт құрлық чемпионатының бәсекесі Еуропа чемпионатынан да күшті болуы мүмкін деген пікірлер бар.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады