Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 246,01. Бұл нәтиже Шайдоровқа қола медаль әкелді.
Жарыста жеңіске Оңтүстік Корея спортшысы Ча Джун Хван жетті – 281,69 ұпай. Ал күміс жүлдені жапондық Юма Кагияма иеленді – 272,76 ұпай.
Диас Жиренбаев 186.18 ұпаймен тоғызыншы орын алды.
Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Азия ойындарында бұл спорт түрінен 2017 жылы медаль алған еді. Ол кезде Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдегер атанған болатын.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар