Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік19 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады. ҰОК аталған жарысқа Қазақстан атынан қатысатын спортшылар тізімін ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Турнир барысында 2026 жылғы Олимпиадаға берілетін соңғы жолдамалар сарапқа салынады. Отандастарымыз екі бағдарламада бақ сынайды.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Сондай-ақ қосалқы құрамда Никита Кривошеев, Олег Мельников пен Артур Смағұлов бар. Ал мұздағы биде Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова сынға түседі.
Жекелей сайыста Олимпиада жолдамасын үздік бес спортшы иеленсе, мұздағы биде төрт жұп жолдама алады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер