6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Манчестер Юнайтед» катарлық банкирге сатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Глэйзерлер отбасы ағылшын клубын катарлық шейх Джассим бин Хамад Әл Таниге сату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Катардың БАҚ өкілдеріне сілтеме жасай отырып Mirror жазады.
Дереккөз мәліметінше, катарлық инвестордың «Юнайтедті» сатып алу туралы ұсынысы Джим Рэтклиффтің ұсынысынан асып түскен. Осылайша енді Джассим бин Хамад Әл Тани «қызыл сойқандардың» иесі атанады. Келісім туралы жуық арада хабарланады.
2022/23 маусымда «Манчестер Юнайтед» ағылшын премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орын алды. Олар 38 матчта 23 рет жеңіске жетіп, он рет жеңіліс құшты және тағы алты рет тең ойнаған.
«Манчестер Юнайтед» алдағы маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі