23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркияның Бурса қаласында өткен «Манас апталығында» 124 сағат «Манас» эпосын оқыған манасшы Рысбай Исаков Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды EL.KZ ТҮРКСОЙ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы – Бурса қаласында қырғыз халық ауыз әдебиетінде маңызды орын алатын және түркі әлемінің бірегей әдеби, мәдени мұраларының бірі болып саналатын әлемге әйгілі «Манас» эпосын дәріптеу іс-шарасы өтуде.
«Манас апталығы» аясында Бурса тұрғындары мен қонақтары Меринос қалалық саябағында түркі әлемінің осы мәдени мұрасымен таныса алды.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан келген белгілі манасшылар қатысты.
Іс-шара ТҮРКСОЙДЫҢ қолдауымен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік