13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мамандардың дерегінше, биыл мамырда еліміздің басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары болады. Тек Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу және Абай облыстарының шығысында ауа температурасы көпжылдық орташа мәндер шамасында сақталады.
Жауын-шашын мөлшері де көп аймақта қалыпты деңгейден төмен болмақ. Тек солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан мен Жамбыл облыстарының оңтүстігінде және Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу мен Абай облыстарының шығысында жауын-шашын мөлшері нормаға сай күтіледі.
Айдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылдар болуы мүмкін. Кей күндері жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.
Температуралық ауытқулар:
Айдың соңына қарай оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температура +36°С-қа дейін жетуі мүмкін. Алайда кей кезеңде ауа температурасы +20…+25°C-қа дейін төмендейді. Арктикалық ауа массалары әсер еткен жағдайда, топырақ бетінде -2°С-қа дейін үсік жүруі ықтимал. Синоптиктер мамыр айында ауа райының құбылмалы болатынын ескертеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды