Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер қаралып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС туралы заңға қандай маңызды түзету енгізілетінін айтты.
Бұл өте маңызды заң болып есептеледі. Себебі, осы үш жылдан бері Президент тарапынан тапсырмалар беріліп жатыр. Ең бастысы, осал топтарды, яғни, әлеуметтік жағдайы ең төмен отбасыларды, экономикалық қиындыққа тап болған азаматтарды қолдау жүзеге асады. Заң аясында табысы төмен 1 миллионға жуық топтарды МӘМС жүйесіне жергілікті атқарушы органдар есебінен тартуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар мемлекет тарапынан 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау саласына төлейтін жарналардың мөлшерлемесін көбейтуге болады. Бұл дегеніміз 2027 жылдан бастап 2033 жылға дейін кезең-кезеңімен денсаулық сақтау саласын қаржылық тұрақтылығы мен тарифтерді көбейтуге, халық үшін сапалы медициналық көмек көрсетуге жеткіземіз. Заң стратегиялық тұрғыдан маңызды болып отыр, - деді Ақмарал Әлназарова.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді