23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне артық төленген жарналарды қайтаруға азаматтардың құқығы бар екендігін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ведомство басшысынан екі немесе үш жерде жұмыс істейтін адамдардың МӘМС-ке жарна төлеу тәртібі туралы сұраған еді. Мәжілісмен сол жарнаны пайдаланбаған адам ақшасын қайтарып алуы керек деп отыр.
Егер азамат бірнеше жерде жұмыс істесе, жарна барлық жұмысынан төленеді. Бірақ ол бір жыл ішінде емханаға мүлде жүгінбесе, ақшасы пайдаланылмай қалады. Бұл әділетсіз. Әрбір азаматқа өз жарналарын бақылау, басқару және қандай медициналық қызметтерді пайдалана алатынын білу құқы берілуі керек. Бұл қаражатты қажет болған жағдайда өз ақшасы ретінде пайдалануға мүмкіндік берілуі қажет, - деді депутат.
Министр мұндай мүмкіндік қарастырылғанын растады.
Егер бірнеше жерде жұмыс істейтін азаматтардың жалпы жарнасы 850 мың теңгеден (10 еселенген ең төменгі жалақы мөлшері) асып кетсе, олар артық төленген соманы қайтарып ала алады. Ол үшін МӘМС-тің жергілікті филиалына өтініш беру жеткілікті, - деді ведомство басшысы.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік