7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында МӘМС-ке тіркелмегендерге неліктен жүргізуші куәлігі берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жерде медициналық көмек әрбір азаматтың жеке мәселесі көтеріліп тұр. Мен (МӘМС-ті – ред.) дамыған елдермен салыстырып тұрған жоқпын. Ол жерде шет елдердің тәжірибесін айтып жатырмын. Біздің заң бойынша әрбір адам өзінің денсаулығын міндетті түрде мединалық сақтандыруы керек. Қандай да бір медициналық көмек алу үшін МӘМС жүйесінде жоқ адам ол көмекті ала алмайды. Сондықтан адам өміріне қауіп төнген кезде, жедел жағдай болған кезде, шұғыл түрде көмек алу үшін немесе МӘМС жүйесінде жасалатын операцияларды дер кезінде алу үшін МӘМС жүйесіне тіркелуі қажет. Бұл жерде біздің көтеріп отырған мәселеміз – 5 жылдың ішінде заңның орындалмай отырғанын және әрбір адамның міндетті түрде сақтандыру жүйесінде болуын шешу, - деді Ажар Ғиният.
Министрдің сөзінше, 11 млн адамды үкімет медициналық түрде сақтандырып отыр. 5 млн-нан астам адамды жұмыс берушілер сақтандырған.
Ал қалған адамдарға, олар қандай да бір жағдайға түсіп қалса, медициналық көмек сол адамдардың қаражатынан көрсетіліп отыр. Қазіргі таңда жүйеге тіркелу үшін жылына 42 мың теңге төлеу керек. Осылайша миллиондаған қаржы тұратын медициналық көмекті ала аласыздар. Ешқандай шектеу болмайды. Сонымен қатар бұрынғы берешектердің бәрі жойылады. Медициналық сақтандыруды төлей алмайтын, жұмысы жоқ адамдарды бюджет есебінен сақтандыру керек деген ұсыныс қосымша енгізілді, – деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?