6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерInfosecurity Magazine сарапшылары компьютер қолданушылары мен ұйымдарға бағытталған жаппай кибершабуылдың жаңа тәсілі туралы ескертті. Хакерлер Windows операциялық жүйесіндегі қорғаныс құралдарын айналып өту үшін сенімді драйверлерді пайдалануға кіріскен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәліметке сәйкес, қаскөйлер жеке компьютердің әртүрлі компоненттеріне арналған осал драйверлерді бұзып, оларды қауіпсіздік бағдарламаларын өшіру мақсатында қолдана алады.
Мысал ретінде зерттеушілер WatchDog Antimalware антивирусына арналған драйверлерді келтірді. Оларды Қытайдан шыққан хакерлер бұзған болуы мүмкін және олар Шығыс Азиядағы ұйымдарға шабуыл жасаған. Мұндай бағдарламаны кибершпионажға, кездейсоқ командаларды орындауға және деректерді ұрлауға пайдалануға болады.
Infosecurity Magazine сарапшылары WatchDog Antimalware компаниясына хабарласып, әлсіз драйверді сенімді тізімнен алып тастауды талап етті. Бағдарламаны қолданушыларға жүйені жаңартып отыруға кеңес берілді.
Мамандардың айтуынша, хакерлер зиянды бағдарламаны қандай жолмен таратқаны белгісіз. Дегенмен, олар фишинг пен әлеуметтік инженерия әдістеріне жүгінуі мүмкін деген болжам бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі