6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСөйлесу – эмоционалдық серпіліс беретін құрал, ал өсек – адамдарды толғандыратын тақырыптарға эмоционалды түрде қарым-қатынас жасау. Бұл туралы психолог Елизавета Куликова Аргументы и Факты газетіне айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маманның айтуынша, өсек айту процесінің өзі белгілі бір эмоцияны – қызғанышты, қорқынышты немесе басқа да сезімді шығару құралы.
Сондай-ақ зерттеулер адамды мазалайтын тақырыпта әңгіме жүргізу жүрек соғу жиілігін төмендететінін көрсеткен. Бұл өсектің адамға белгілі бір дәрежеде тыныштандыратын әсері бар екенін білдіреді.
Сол себепті өсек жалпы күйзеліс деңгейін азайтуға көмектеседі, – дейді Елизавета Куликова.
Сонымен қатар психолог берген өсек айту мен адамның өзін-өзі бағалауы арасында нақты байланыс жоқ екенін атап өтті.
Оның сөзінше, өсекке бейім болудың себептері әртүрлі болуы мүмкін – кейде бұл жай ғана эмоционалды қозу не толғандыратын жаңалық арқылы ләззат алуға деген ұмтылыс болса, кейде нақты біреуге зиян келтіру мақсаты да болуы ықтимал.
Өсек – көбіне құпия немесе тексерілмеген ақпаратты тарату, бұл, әрине, белгілі бір салдарға алып келуі мүмкін. Алайда біз оны жиі ескермей, эмоцияның жетегінде кетіп жатамыз, – дейді Куликова.
Яғни егер өсекті психологиялық серпіліс беру немесе ішкі эмоцияны шығару құралы ретінде қарастырсақ, онда олардың оң әсері де жоқ емес. Бірақ олай болмаса, оның адам өміріне зиян келтіруі де мүмкін.
Сондықтан біреуге қатысты тексерілмеген ақпаратты айтып не талқыламай тұрып, мұндай тез әрі оңай эмоционалды серпілістің ықтимал зиянын ой елегінен өткізу қажет, – деп түйіндеді психолог.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі