23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмола облысында малын қараусыз жіберген 3 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды EL.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жануардың қатысуымен болған ЖКО 11 қазанда Зеренді ауданында орын алды. Көкшетау-Атбасар автожолының 14 шақырымында Зеренді ауылының 48 жастағы тұрғыны Lada Vesta автокөлігінің жүргізушісі сиырға соғылған. Апат салдарынан жануар оқиға орнында өліп, автомобильге механикалық зақым келді. Жануардың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
7 қазанда сағат 18:00 шамасында Наумовка ауылдық округінің учаскелік инспекторы Нұрлан Әбілов Наумовка ауылынан шамамен 2 км қашықтықта 50 жылқыдан тұратын табынды көрді. Жануарлар Наумовка-Ақкөл автожолының жанында қараусыз жайылып жүрді: жақын жерде табыншы да, жануарлардың иесі де болмаған. Тәртіп сақшысы жергілікті ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, қараусыз жүрген малды мамандандырылған айыппұл тұрағына айдап кіргізді. Полиция жылқы иесінің жеке басын анықтады.
Бұланды ауданының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1 бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
10 қазанда “Қаңғыбас мал” ЖПІШ шеңберінде Талапкер ауылдық округінің учаскелік инспекторлары загонға 3 ірі қара малды айдап кіргізді. Мал иесінің жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, 9 айда облыстың 3228 тұрғыны ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік