Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстауда полицейлер Малайзиядан келген туристерге жоғалған телефондарын табуға көмектесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жетібай–Шетпе тас жолында патрульдік полиция ротасының инспекторлары, полиция қызметкерлері Нұржан Мағзамов пен Мейрамбек Тезекбаев патрульдеу барысында көлікпен келе жатқан әйелдердің өтінішін қабылдаған.
Малайзиядан Бозжыра табиғи көрінісін тамашалауға келген шетелдік турист әйелдер жол бойында санитарлық орында аялдаған кезде телефондары жоғалғанын айтып, шамамен қай жерде қалғанын білетіндіктерін жеткізіп, полициядан көмек сұрағаны мәлім болды.
Полицейлер жедел әрекет етіп, көрсетілген орынға барып, туристерге жоғалған телефонды тауып берді.
Құқық қорғау қызметкерлерінің кәсібилігі мен назар аударуының арқасында шетел азаматшаларының жеке заттары қайтарылып, туристер көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.
Полиция азаматтар мен аймақ қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмек көрсету – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі екендігін айтады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?