Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМалайзиялық әуекомпания Қазақстанға әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Asia Aviation Group компаниясы тобының коммерциялық директоры Карен Чан ханыммен кездесті. Аталған кездесуге Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Air Asia Aviation Group компаниясы тобының кірістер мен бағыттар жөніндегі директоры Пол Кэррол мырза, Air Asia X авиакомпаниясының атқарушы директоры Беньямин Исмаил мырза қатысты.
Кездесу барысында екі тарап Қазақстан мен Малайзия арасындағы тұрақты жолаушылар тасымалы және жүк әуе қатынасы мәселелерін талқылады. Air Asia Aviation Group өкілдері авиакомпанияның бірінші кезеңде Куала-Лумпур (Air Asia X) мен Бангкоктан (Thai Air Asia X) Алматыға әрбір бағыт бойынша аптасына 4 рейс жиілікпен және аптасына 3 рейс жиілікпен Астанаға ұшатын рейстерді іске қосуды жоспарлап отырғандарын айтып жеткізді.
Сондай-ақ Air Asia әуекомпаниясы Қазақстан аумағында «виртуалды хаб» құруды, сонымен бірге Стамбул (Түркия), Париж (Франция), Франкфурт (Германия), Лондон (Ұлыбритания) қалаларына «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесімен ұшуды жоспарлап отыр. Екі ел арасындағы рейстердің ашылуы сауда-экономикалық қатынастарды, туризм мен іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Айта кетерлігі, Air Asia Азиядағы ең ірі бюджеттік авиакомпания болып табылады. Өз жұмысын 1996 жылы бастаған авиакомпания бүгінге дейін 600 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған. Сонымен қатар компанияның әуе кемелері әлемнің 25 елінде 400-ден астам бағыт бойынша ұшады. Әуе кемелері паркінде 250-ден астам ұшақ бар.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?