Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың басынан бері 2 млн бас ірі қара мал, 3,2 млн бас қой мен ешкі, 3 млн тонна сүт есептен шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есептен шығарылған мал басының негізгі үлесі жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Қосымша 2,5 млн тонна дәнді дақылдарды, 2 млн тоннаға жуық картопты және 300 мың тоннадан астам пиязды есептен шығару жоспарлануда. Жалған есептерді қайтадан болдырмау үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және қадағалау, сондай-ақ субсидиялар беру бойынша ақпараттық жүйелер жетілдіріліп жатыр, – деп атап өтті вице-премьер.
Жұманғарин сонымен қатар субсидиялардан жеңілдікті несиелеуге толық көшу 2028 жылдың соңына дейін жүргізілетінін де тілге тиек етті.
Жалпы алғанда, тауарлық-спецификалық субсидиялардан (ет, сүт, жабық топырақтағы көкөністерге арналған субсидиялар) жеңілдікті несие беруге толық көшу «Экономиканы ырықтандыру туралы» Жарлықта қарастырылған және 2028 жылдың соңына дейін қамтамасыз етілетін болады, – деді премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?