12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкентте асырап алған балаларына мал бақтырып, иттің етін жегізген ер адам сот алдында жауап береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі time.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлықбек Сманов пен жұбайы үш жыл ішінде алты баланы асырап алған. Бірақ, олар ата-аналық міндетін орындамай, сол уақыт ішінде балаларды әбден азаптағаны белгілі болды.
Қамқоршылық органдары да бұл отбасының есігін мүлде қақпаған. Ауыр тағдыр кешіп жатқанын асыранды баланың үлкені Алеша балалар үйіне хабарласып, көмек сұрағанда белгілі болып отыр.
Асырап алған ұлын ер адам көмек сұрап хабарласқаны үшін аузына ат тізгінін салып, соққыға жыққан. Алеша үш жыл бойы мал баққан, қора тазалаған, әбден қорлық көрген. Мұғалімдер оның бетіндегі көгерген іздер мен сызаттарға мүлде назар аудармаған. Үлкен ұлдан кейін Смановтар бір қыз, егіз бала мен тағы екі ұлды асырап алған. Оларды Алматы, Астана және Өскемен қалаларынан алып келген.
Балалардың айтуынша, олар иттің етін, өлген малдың етін жеген. Бәрі бір бөлмеде еденде ұйықтаған.
Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Смановқа қатысты тергеу аяқталды.
Сот шешімімен бала асырап алу мен қамқоршылық жойылған бойда балалар әртүрлі қалалардағы балалар үйіне жіберіледі.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер