Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіФранция президенті Эммануэль Макрон Лувр музейіндегі ұрлықты «елдің мұрасына және тарихына қол сұғу» деп атады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысы X әлеуметтік желідегі жазбасында ұрланған барлық жәдігерлердің музейге қайтарылатынын және қылмыскерлердің міндетті түрде жауапқа тартылатынын айтты.
Қылмыскерлерді және ұрланған құндылықтарды табу үшін бар күшіміз салынуда, – деді Макрон.
Ал Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд жергілікті телеарна эфирінде бұл оқиғаны «елдің мәдени мұрасына жасалған ауыр шабуыл» деп бағалап, соңғы уақытта Франциядағы бірқатар музейдің тонауға ұшырағанын еске салды. Олланд тіпті «елді тұрақсыздандыруға бағытталған шетелдік араласу нұсқасын жоққа шығаруға болмайтынын» айтты.
Айта кетсек, 19 қазан, жексенбі күні таңертең белгісіз төрт адам небары бірнеше минуттың ішінде Париждегі әйгілі Лувр музейінен Франция тәжіне тиесілі асыл тастар коллекциясындағы тоғыз жәдігерді ұрлап кеткен.
Париж прокуратурасының мәліметінше, қылмыскерлер Автокөтергіш арқылы Галерея Аполлон залына кіріп, терезені сындырып, ішке енген. Олар болгарканың көмегімен әйнек қораптарды бұзып, тарихи әрі мәдени құны өлшеусіз тоғыз зергерлік бұйымды алып кеткен.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады