Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікМакедонияның Кочани қаласындағы түнгі клубта болған алапат өрттен кемінде 51 адам қаза тауып, 100-ден астамы түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Македонияның Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай жексенбіге қараған түні Pulse түнгі клубында орын алған. Оқиға кезінде танымал ADN хип-хоп дуэтінің концерті өтіп, ғимаратта 1 500-ге жуық адам жиналған.
Өрттің нақты шығу себептері анықталуда. Қазіргі таңда бірнеше күдікті ұсталды, – деп хабарлады Nova Makedonia басылымы.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, өртке пиротехникалық заттарды қолдану себеп болуы мүмкін. Клуб ішіндегі отшашу қызыл жалынның тез таралуына ықпал етіп, ғимарат толықтай өртеніп кеткен. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді