26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында некенің төрт негізгі шартына қатысты түсініктеме беріп, қоғамда жиі талқыланатын мәһр мөлшеріне байланысты өз ұстанымын жариялады.
Неке сөзі араб тілінде «бірігу, қосылу» деген мағынаны білдіреді. Шариғаттағы терминдік мағынасы – ер мен әйелдің ортақ өмір кешіп, ұрпақ жалғастыруын адал ететін келісім-шарт. Шариғат бойынша мұсылмандық некенің заңды деп танылуы үшін оның негізгі рүкіндері (парызы) мен шарттары толық орындалуы қажет. Олар некенің толық болуы үшін өте маңызды.
Мұсылман дінінде некенің парызы бойынша, алдымен, тараптардың бірі отбасын құруға ұсыныс білдіруі керек. Содан кейін екінші тарап бұл ұсынысқа разы екенін айтып, құптайды.
Неке қию барысында екі жақтың разылығы өте маңызды. Себебі мұнсыз неке заңсыз әрі дұрыс болып есептелмейді. Сонымен қатар, некенің жүзеге асуы үшін үйленуші тараптардың сөздері толықтай анық болуы әрі екі жақтың мәлімдемесі бір уақытта және бір жерде, яғни бір мәжілісте айтылуы керек, – деп жазған діни басқарма сайтында.
Некенің шарттары:
Мәһрдің мөлшері қандай?
Мәһр – ер адамның неке қиылу барысында қалыңдыққа өз ризашылығымен беретін шариғи сыйы.
Ханафи мәзһабында мәһрдің ең төменгі шегі 10 дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Бұл қазіргі өлшеммен 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражатқа (нарықтағы құнына) сәйкес келеді. Мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені мәһр күйеу жігітті қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек. Мәһрді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала (мәһр муғажжәл) беріп, қалғанын кейін (мәһр муәжжәл) беруге болады, – дейді ҚМДБ
Сонымен, мәһрдің мөлшері – 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражат. Ұлттық банктегі 1 гр алтынның құны – 62 338 теңге. Осы соманы 4,25 грамға көбейтсек, 264 936 теңге. Демек, мәһрдің құны 264 мың теңгеден кем болмауы керек.
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер