20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМ.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Индер-2024» халықаралық ғылыми экспедициясын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, экспедиция жұмысына В.Татищев атындағы Астрахань мемлекеттік университетінің іргелі биология кафедрасының профессоры Алексей Лактионов, Ресей Ғылым академиясының Орал бөлімшесінің ботаникалық бағының эксперименттік экология және өсімдіктерді бейімдеу зертханасының меңгерушісі Михаил Князев қатысты.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ботаника, зоология және экология мамандары Индер тұз күмбезді ауданының табиғи кешенінің экожүйесі мен биоәртүрлілігіне бірлескен зерттеулер жүргізді. Ғалымдар экспедициялық далалық жұмыстар барысында биотоптарды сипаттай отырып, ботаникалық, биогеографиялық және геоботаникалық зерттеулер жүргізді.
Экспедицияның негізгі мақсаты Қазақстанның Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаңа трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру үшін табиғи экожүйелерге антропогендік әсері аз аумақтарды таңдау болды. Ботаникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша «Астрагалус (Astragalus L.)» тұқымдасының ғылым үшін жаңа өсімдік түрі табылды. Бұл жаңалық Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау мен зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, ғылымға елеулі үлес болып табылады, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ 70 жылда алғаш рет Индер тауларының герпетофаунасының тізімі тағы бір түрмен – су жыланымен толықтырылды. Ол Индер көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі суға толы карст ойпатынан табылды. Бұрын ол 1949-1950 жылдары Индер көлінің маңында табылған еді.
Индер тұз күмбезді ауданының аумағы ғылым үшін жоғары құндылық және жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақты құруға үміткер болып табылады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?