23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Люксембург құрамасымен өтетін ойын туралы айтып берді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
– Грекиядағы жеңілістен кейін команданың көңіл күйі қалай?
– Әрине, көңіл жабырқаулы. Қазақстан тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатына баруға мүмкіндік алды. Әлі де ойымыздан кете қойған жоқ, өкініп отырмыз. Дегенмен, өткенді ұмыту керек. Жанкүйерлеріміздің көз алдында есімізді жию қажет.
– Алдағы ойында Игорь Шацкийдің орнына басқа қақпашы шыға ма?
– Қақпашылар бапкерімен сөйлестім. Шацкийді ауыстырамыз деп сұрадым. Бірақ ол Грекиядан бес гол жібергеннен кейін еңсесін түсірмеген. Психологиялық тұрғыдан қалыпты. Сондықтан алғашқы минуттан Люксембургпен матчта Игорь өзі шығады.
– Енді матчта ротация көреміз бе?
– Ротация болады. Жаңа ойыншыларды байқап көреміз. Болашаққа қарау керек. Грекиямен кездесумен салыстырғанда өзгерістер жасаймыз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік