Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМагистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 39 мыңнан астам адам тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 75 балл, ал ең жоғары балл – 132, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылғанын айтты. Оның ішінде 101 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.
Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.Сонымен қатар тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 3 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ, тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 4 адамның балы жойылды.
Ереже бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 281) шамамен екі есеге азайды.
154 білім беру бағдарламалары тобы бойынша республикалық апелляциялық комиссияға 16 мыңнан астам өтініш, оның ішінде мазмұны бойынша 15 мыңнан астам, техникалық себептерге байланысты 902 өтініш түсті. Апелляциялық комиссияның шешімімен 152 бірегей тест тапсырмасы қанағаттандырылды: мазмұны бойынша – 125, техникалық себептерге байланысты – 27 тапсырма.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
Магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінді. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.
Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі; жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты; халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда). Құжаттарды оқу орнына қабылдау комиссияларына офлайн, сондай-ақ виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн тапсыруға болады.
Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?