28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТестілеу басталғалы 39 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырған. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 52%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған. Ғылыми- педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 78 балды, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 139, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тестілеу басталғалы 99 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 67 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Тестілеуге кіргізу барысында 1 бөгде адамның тестілеуге кіру әрекеті анықталды.
Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде оқуға түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция жеті жұмыс күні ішінде қаралады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
Айта кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 51 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 21 шілдеде басталды және 7 тамызға дейін жалғасады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?