1 маусым мен 15 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық тестілеу орталығы республика бойынша 42 569 өтініш келіп түскенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Ең көп таңдалған салалар:
- Педагогикалық ғылымдар;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
- Бизнес, басқару және құқық.
Кешенді тестілеудің күні, уақыты және орны жайлы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 18 шілдеде жарияланады.
Айта кетейік, тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатпен кіргізеді (жеке куәлік немесе паспорт).